«Ұлттық кітап» байқауына өтінім қабылдау басталды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай «Ұлттық кітап» республикалық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Байқаудың мақсаты – қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік кітап авторларын анықтау, қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына үлес қосу, сонымен қатар аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру. Байқауға соңғы екі жыл ішінде отандық баспалардан жарық көрген кітаптар қабылданады, — делінген хабарламада.

Биыл байқау 10 номинация бойынша өтеді:

  1. Балаларға арналған үздік кітап;

  2. Үздік комикс;

  3. Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;

  4. Детектив жанрындағы үздік кітап;

  5. Сатира жанрындағы үздік кітап;

  6. Үздік иллюстрациялық кітап;

  7. Үздік аударма кітабы;

  8. Фантастика жанрындағы үздік кітап;

  9. Үздік баспа;

  10. «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы.

Өтінімдер 2026 жылғы 1 сәуірге дейін ҚР ұлттық мемлекеттік кітап палатасында қабылданады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да