«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне өтініш қабылдау аяқталды. Бүгінге дейін 115 мемлекет пен 20 халықаралық ұйым айтулы шараға қатысатынын ресми түрде растады. Бұл туралы «ЭКСПО» көрмесінің халықаралық қатысушылармен жұмыс департаменті директоры мәлімдеді. Айтуынша, көпшілігі қазірден павильондарын жасақтап жатыр. Халықаралық көрменің басталуына 73 күн қалды.
Илья Оразақов, «ЭКСПО-2017» ҰК Халықаралық қатысушыларымен жұмыс департаментінің директоры:
-Қытай күннен қуат алуға қатысты қызықты жобаларын ұсынбақ. Оған қоса Жапония адамнан жылу алу жұмысын таныстыратын болады. Израиль өз кезегінде жерден қуат алу жобасын қатысушыларға көрсетеді. Осы секілді қызықты жобалар көп.