Израиль мен палестиналықтарға «екі мемлекет» жоспарын ұсынды

Израиль-палестина жанжалын шешу үшін әлемнің 70 елінің өкілі екі мемлекет құру жоспарын ұсынды. Париж конференциясы нәтижесінде қабылданған мәлімдеме бойынша, бұл ұсыныс - аймақта бейбітшілік орнатудың жалғыз ғана жолы, деп жазады centralasian.org.

Кездесуге қатысушылар палестиналық аймақта еврей қоныстарының салынуын сынап, жанжалдасушы тараптарды асығыс қадам жасамауға шақырды.

Конферецияда Израиль мен палестиналықтардың делегациялары болған жоқ. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бұл конференцияны «Израильге қарсы жиын» деп атады. Құрама Штаттардан форумға мемлекеттік хатшы Джон Керри қатысты. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп әкімшілігінен де ешкім болған жоқ.

Вашингтонның пікірінше, Иерусалим қаласы 1948 жылы британдық мандаты аяқталған соң ешқандай мемлекетке қарамаған, қала мәртебесі бейбіт келісім қабылданғаннан кейін ғана анықталуы тиіс.

ДереккөзCentralasian.org
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз