Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Мереке күндері пойыздарда 2 177 қосымша орын ашылады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Наурыз мейрамы қарсаңында жолаушылардың сұранысын қамтамасыз ету үшін қосымша пойыздар іске қосылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, мереке күндері қала маңындағы бірқатар электрпойыздар қосымша қатынап, кейбір пойыздардың вагондары көбейтіледі. Соның нәтижесінде жолаушылар үшін қосымша 2 177 орын ұсынылады.

Атап айтқанда, қосымша пойыздар келесі күндері жолға шығады:

  • 2026 жылғы 20 және 21 наурыз — «Астана – Павлодар» бағытындағы №7510 электрпойызы;

  • 2026 жылғы 25 наурыз — «Павлодар – Астана» бағытындағы №7509 электрпойызы;

  • 2026 жылғы 25 наурыз — «Астана – Атбасар» бағытындағы №6803/6804 электрпойыздары;

  • 2026 жылғы 25 наурыз — «Нұрлы жол – Бурабай курорты» бағытындағы №887/888 электрпойызы.

Бұдан бөлек, 20, 22 және 24 наурыз күндері «Қарағанды – Балқаш» бағытындағы №606/605 жолаушылар пойызының құрамына екі қосымша вагон (бір купе және бір плацкарт) тіркеледі.

Exit mobile version