Қазақстанның 9 517 азаматы Таяу Шығыс елдерінен оралды

Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен елге 9 517 қазақ қайтарылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінен, Қатардан және Сауд Арабиясы Корольдігінен азаматтарды эвакуациялау жұмысы жалғасып жатыр.

Сонымен қатар сыртқы істер министрлігі Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оман елдерінен эвакуациялық іс-шараларды аяқтап қалды.

Өңірдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста және қажет қолдау көрсетіп жатыр.