Қазақстанда 1,2 миллионнан астам кәсіпкер арнаулы салық режимін таңдап, қосылған құн салығынан босатылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биыл 1 наурызда салық төлеушілер үшін салық салу режимін таңдаудың өтпелі кезеңі аяқталған.
Өтпелі кезеңнің қорытындысы бойынша бизнес субъектілерінің көпшілігі арнаулы салық режимін сақтап қалды немесе соған ауысты. Дәлірек айтқанда, 1,2 миллионнан астам кәсіпкер жеңіл декларация негізіндегі арнаулы салық режимін таңдады. Бұл режим жылдық кірісі 600 000 АЕК-ке дейін (шамамен 2,6 миллиард теңге) салық төлеушілерге арналған, – делінген комитет хабарламасында.
Жалпы, жеңіл режимді таңдаған кәсіпкерлер үшін жалдамалы жұмысшылар санына шектеу жоқ. Бұл еңбек қатынастарын заңдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

