23 мамырдан бастап «Қызыл алма» телехикаясы көрсетіледі

Туынды қоғамда, адамдар арасында кездесетін қарама-қайшылықтар, сезім мен сенімнің жоғалуы, сатқындық, ата-ана мен бауырға деген құрметтің жоғалуы секілді тақырыптарды қозғайды.

Фильм кейіпкері Рүстем туған ағасы Біржаннан қапыда айырылып қалады. Бұрынғы қазақ салты бойынша жеңгесіне әмеңгерлікпен үйленеді. Рүстемге дүниеден ерте өткен әкесінің шеберлік өнері дарыған. Ол осы кәсібі арқылы, күнін көріп, нанын тауып жүрген азамат. Бірақ, бұл өнермен тапқаны оның отбасының ауқатты өмір сүруіне жете бермейді. Телехикая кейіпкерлері өмірдің сан сынағына қарамай, отбасын сақтап қалуды көздейді.

ДереккөзBaistars.kz