Қазақстанның Ирандағы елшілігі тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желісін іске қосты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ҚР сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыста геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты, Иран аумағында уақытша немесе тұрақты негізде жүрген азаматтарға жеке қауіпсіздік шараларын барынша күшейту қажеттігін ескертті.
Маңызды алты кеңес:
-
Адам көп жиналатын орындарға барудан және бұқаралық іс-шараларға қатысудан бас тарту;
-
Жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын тұрақты түрде қадағалау;
-
Қажетсіз сапарларды шектеу;
-
Жеке құжаттарды әрдайым өзіңізбен бірге алып жүру;
-
Төтенше жағдайларға дайын болу;
-
Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болу.
Жедел байланыс желісі қосылды
Қазақстан Республикасының Тегерандағы елшілігі Иран аумағында жүрген азаматтар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желісін іске қосты.
Тегеран қаласындағы елшілік:
📞 +98 21 2256 5933
📱 +98 936 208 4672 (WhatsApp)
Горган қаласындағы Бас консулдық:
📞 +98 912 298 0350
📞 +98 173 252 0443
📱 +7 701 771 34 01 (WhatsApp)
Бендер-Аббас қаласындағы консулдық:
📱 +98 930 298 57 03 (WhatsApp)
Азаматтар аталған байланыс нөмірлері арқылы консулдық көмекке жүгініп, өздерінің орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлай алады.
Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына соққы жасады. Трамп Иранды ядролық бағдарламасын дамытып жатыр деп айыптап, елдің ракета өнеркәсібін жою ниеті барын да жеткізді. Әуе шабуылдарынан кем дегенде 201 адам қаза болды.
Иран АҚШ пен Израильдің өз аумағына жасаған соққыларына жауап ретінде Израильге ондаған зымыран жіберді.
Мемлекеттік ақпарат құралдары аятолла Әли Хаменеиді Тегерандағы өз резиденциясында өлтірді деп таратты. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.
Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстандағы барлық күш құрылымы тәуліктік жұмыс кестесіне ауыстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Араб елдерінің басшыларына хат жолдап, көмектесуге дайын екенін жеткізді.

