Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи өлтірілді

Фото: REUTERS
Иран мемлекеттік ақпарат құралдары аятолла Әли Хаменеиді Тегерандағы өз резиденциясында өлтірді деп таратты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ислам революциясының ұлы жетекшісі, мәртебелі аятолла Хаменеи сенбі, 28 ақпан күні таңертең жасалған шабуыл салдарынан шейіт болды, — делінген мемлекеттік БАҚ таратқан хабарламада.

Иран үкіметі аятолла Хаменеи қайтыс болуына байланысты елде 40 күндік жалпыұлттық аза жариялап, жеті күнді мемлекеттік демалыс күні деп белгіледі.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза болғанын мәлімдеген еді.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағына соққы жасады. Әуе шабуылдарынан кем дегенде 201 адам қаза болды.

Exit mobile version