Әуе билеттерін сатып алғанда нені ескеру керек?

Сіздің сапарыңыз нақты бір мерзімге белгіленбеген болса, онда ұшақ билетін ең арзан бағамен сатып ала аласыз. Ол үшін сіз ұшақ билеттеріне арнайы ұсыныстар, акциялар мен маусымдық жеңілдіктерді бақылап жүруіңіз қажет. Мұндай акциялар туристік агенттіктерде жиі болып тұратынын ескеріңіз.

акция

Жалпы айтқанда әуе билеттерін мына жағдайларда жеңілдікпен алуға болады:

  • алдын-ала тапсырыс берсеңіз;
  • мауысымдық жеңілдік;
  • мерекеден кейін;
  • аптаның белгілі бір күндері.

Егер сіз арзан әуе билетін алғыңыз келсе, мүмкіндігінше жарты жыл бұрын билет алып қойғаныңыз абзал.

Тасымалдаушылар жолаушыларды ертерек орындарды брондауға және жол жүру билеттерін сатып алуға ынталандырады. Мәселен, 16-30 тәулік бұрын халықаралық бағыттағы теміржол билетін сатып алған кезде 10-15 пайыз үнемдеуге болады. Ал, егер билет 31-45 тәулік ішінде алынса, үнем 20-30 пайызды құрауы мүмкін.

пайыз

Билеттің құнына апта күндері айтарлықтай өзінің ықпалын тигізеді. Әлем нарығы бойынша әуе компанияларына ұсыныстар сейсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері түседі. Осыған байланысты жұма күндерге қарай билет таусылып қалады.  Өйткені адамдардың көбі демалыс күндерінде сапарларға шығады.  Сейсенбі және сәрсенбі күндері адамдардың үйлеріне қайту үшін жексенбілік орындарды брондайды. Өйткені дүйсенбі жұмыс аптасы басталады.

Билет бағасына тәуліктің қай сағатында ұшатыныңыз өзінің әсерін тигізеді. Мәселен,  түннің ортасынада немесе таң ата ұшатын болсаңыз билет арзанырақ болады.

Әуе компаниялары ең тиімді ұсынысты  сейсенбі 15-00 кейін немесе  сәрсенбі 1-00 (түнгі уақыттарда) жасайды.  Осы уақыттарда сатып алынбаған билеттерден брондар алынып тасталады және олар еркін сатып алуға жіберілуі мүмкін. Әрине, ол әуе компанпанияларының жеке баға белгілеу саясаттарына сай жүргізіледі.

Сондай-ақ әуе билеттерін екі бағытқа да бірдей, бір әуе компаниясынан алсаңыз арзанырық түседі.

Көп жағдайларда тура рейстерден гөрі, ауысып ұшу  тиімді болып жатады.
Чартерлік рейстерге да түрлі жеңілдіктер болып тұрады.

Сондай-ақ, ғаламтор желісі арқылы билет сатып алу уақыт пен ақша-қаражаттарын үнемдейді.