«Біржан Жақыпов қазақстандық спорттың мақтанышы. Ол үш мәрте Олимпиада ойындарына қатысып, барлығында ширек финалға дейін жетті. Көптеген спорттық шаралардың жеңімпазы, олардың қатарында Әлем чемпионаты да бар. Сондай-ақ, Біржан түрлі халықаралық және құрлықаралық жарыстарда құрмет тұғырына көтерілді. Мансабын аяқтағаннан кейін де Жақыпов әскери спорт пен салауатты өмір салтын насихаттап, көптеген жас атлеттерге үлгі болып келеді», — деді ҚР Қорғаныс министрлігі ӘОСК спорт комитетінің төрағасы Расул Мейірманов.
Жақыпов Біржан 1984 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі әуесқой боксшы 2013 жылғы әлем чемпионы, 2005 жылғы әлемдік біріншілігінің қола медаль иегері, Азия чемпионатының (2010, 2014) күміс жүлдегері және бірнеше Қазақстан чемпионы титулын жеңіп алды. Үш рет Олимпиада ойындарына (2008, 2012 және 2016) қатысып, барлығының ширек финалында жеңілген. Боксшы 2017 жылы спорттағы мансабын аяқтады.