Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанда қан донорлары азайып барады

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Не болды?

Елімізде тұрақты қан тапсыратын донорлар азайып барады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қан донорларының азайғаннан қан компоненттері науқастарға уақытылы жетпейді. Бұл туралы депутат Әлішер Сатыбалдиев сенатқа жолдаған сауалында мәлімдеді.

Қазақстанда донор деңгейі қандай?

Әлішер Сатыбалдиевтің айтуынша, еліміздегі донор деңгейі 1 000 адамға шаққанда 12 донациядан келеді. Бұл — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен мөлшерден біршама төмен көрсеткіш.

Қан донорларына берілетін тегін тамақ ақысы — 0,25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК). Алайда баға өсіп, әлеуметтік-экономикалық жағдай өзгерсе де, бұл сома жылдар бойы жаңармаған.

Материалды және моральды  ынталандыру шарасын қолданатын елдерде бұл көрсеткіш 1 000 адамға шаққанда 30–40 донацияға дейін жетеді. Мұндай деңгей денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты жұмысына кепіл болады, — делінген депутат сауалында.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр Қазақстанда 342 адам донор ағзасын күтіп үлгермей, қайтыс болды.

Exit mobile version