22 мамыр: Еліміздің солтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал

«Казгидрометтің» хабарлауынша, бүгін еліміздің басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай, жел күшейіп, солтүстік бөлігінде бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар, Жамбыл, күндіз Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде  жел 15-23 м/с күшейеді.

Қостанай, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде найзағай, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай болып, бұршақ болуы мүмкін.