Басты бетЖаңалықтарОңтүстіктен солтүстікке...

Оңтүстіктен солтүстікке тағы 672 отбасы қоныс аудармақ

Оның ішінде еңбекке қабілетті 1008 адамның 116-сы ауыл шаруашылығымен, 98-і кәсіпкерлікті дамытумен айналысуға, 794-і мемлекеттік кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға ықыласты.

«Биылғы жылдың ақпан айында облысымызға Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан 60-тан астам өкілдері келіп, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мен Шымкент қаласында өткен еңбек форумына қатысқан болатын. Нәтижесінде, қатысқандардың ішінен 2019 мүшесі бар 672 отбасы қоныс аударуға ниет білдірді» — дейді өңір басшысы.

Еңбек ресурстарының сұранысын қанағаттандыруға Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарымен ынтымақтастық меморандумдары жасалды. Мұндай игілікті шараға аймақтың кәсіпкерлері де қызығушылықпен атсалысып келеді.

«Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысынан 100-ге жуық отбасы өкілдерін солтүстікке аттандыру көзделіп отыр. Бұдан бөлек, Көкшетау қаласындағы «Новопэк» кәсіпорны оңтүстікқазақстаннан 300 жұмысшыны шақыртып, баспанамен де қамтуды ұсынды» — дейді Жансейіт Түймебаев.

Ал, биылғы жылдың сәуір айында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал аудандары мен Шымкент қаласынан жалпы 58 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына аттанды.

ДереккөзBaq.kz