Басты бет / Жаңалықтар /
b381f2a774bf218a8c7435a7dcb014b8 Семейде бойжеткенді бопсалаған қыз жындыханаға жатқызылды
Видео скрині

Семейде бойжеткенді бопсалаған қыз жындыханаға жатқызылды

Семейде түнде бойжеткенді қорқытып, әлеуметтік желіде шу тудырған 24 жастағы қыз психиатриялық ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оқиға туралы Аружан есімді бойжеткен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазған. Оның айтуынша, видеоны жариялағаннан кейін оған да желіде сыни пікірлер көп жазған.

8effe57b7f599aabf2c4430f646e1fc5 Семейде бойжеткенді бопсалаған қыз жындыханаға жатқызылды
Видео скрині

Ешқандай моральдық өтемақы талап еткен емеспін, адвокат жалдауға да жеке қаражат жұмсамадым. Не көрдім – соны жарияладым, – дейді Аружан.

Жәбірленуші бастапқыда күдіктінің түрмеге қамалуын талап етпегенін атап өтті. Оның негізгі мақсаты — жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни қарсы тараптың өзіне жақындамауын заңды түрде бекіту. Ол оқиғадан кейін психолог көмегіне мұқтаж болғанын, енді анасына бес минут сайын қайда екенін хабарлап отыратынын жазды.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram