Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп пәндерін біріктіруге қатысты жоспарланған реформаның тоқтағанын айтты.
Былтыр министрліктің алқа отырысында бірқатар пәнді біріктіру туралы шешім қабылданған болатын. Атап айтқанда, физика, химия және биология пәндерін «Жаратылыстану ғылымдарына», алгебра мен геометрияны «Математикаға», ал дүниежүзілік тарих пен құқық негіздерін «Әлеуметтік ғылымдарға» біріктіру жоспарланған еді.
Министрдің айтуынша, бұл бастама мұғалімдер қауымдастығымен талқыланып, жан-жақты талдау жүргізілгеннен кейін тоқтаған.
Иә, бұл реформа тоқтатылды. Біздің ойымызша, іргелі ғылымдар бөлек оқытылуға тиіс. Сонымен қатар мұғалімдерге түсетін жүктеме мәселесі де ескерілді. Біз барлық ұсынысты мұғалімдермен бірге талқыладық. Балаларымыз цифрлық заманда іргелі пәндерді терең меңгеруі үшін осы шешімді қабылдадық, – деді Жұлдыз Сүлейменова үкіметте өткен брифиңде.

