Басты бетЖаңалықтарИслам ойындарында...

Ислам ойындарында Тұрсынбай Құлахметов екінші алтынды еншіледі

75 кг дейінгі салмақ бойынша бокстан өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Тұрсынбай Құлахметов әзербайжандық қарсыласы Камран Шахсуварлды айқын басымдылықпен ұтып, алтын медальды қанжығасына байлады.

Айта кетейік, Ислам ойындары кезінде Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды боксшы Азат Махметов салды. Ол мароккалық қарсыласын 4:1 есебімен ұтты.

ДереккөзInform.kz