Басты бетЖаңалықтарҚара нүктелерден...

Қара нүктелерден қалай құтылуға болады?

Май жетіспейді

Диетолог мамандардың айтуынша, қазіргі адамдарға май қышқылдары жетіспейді. Осының өзі май бездерінің дұрыс қызмет атқармауының негізгі себебі және соның салдарынан безеулер пайда болады. Бұл мәселенің шешімі оңай, күнде таңертең ашқарынға зәйтүн майынан бір қасық ішіп отырыңыз. Терінің тазалығы үшін оның маңызы зор, сонымен қатар май қышқылдары жақсарып, безеу сізді мазаламайтын болады.

В дәрумені жетіспейді

В витаминінің жетіспеуінен май бездері тым белсенді жұмыс істеп, терідегі ұсақ тесіктер бітеліп қалады. Дәріханада сатылатын В витаминіне бай сыра ашытқысы қара нүктелерлен құтылуға пайдасы зор. Бір курсын үзбей ішсеңіз, нәтижесін берері анық.

Жиі жуынбау керек

Беттің жұмсақ болуы үшін оны тазалап тұру қажет екені рас. Бірақ, кейде сол тазалаудың өзінен зардап шегіп жататындар бар. Көпіршіктер мен гельдерді жиі пайдалану бет терісінің тез құртылуына алып келеді. Нәтижесінде, терігдегі ұсақ тесіктер одан сайын бітеледі. Сондықтан, күніне екі реттен көп жуынбай, бетіңізге арналған түрлі құралдарды жиі пайдаланып теріңізді құртып алмаңыз!

Майлы тағамдарды көп жемеңіз

Қуырылған картоп сынды майлы тағамдар безеудің көбеюіне алып келеді. Холестерині көп майлы тағамдарды жесеңіз, бетіңізге бірден әсер етеді.

Жасұнық жетіспейді (клетчатка)

Жасұныққа бай тағамдар терінің жұмсақ әрі әдемі болуына көмектеседі. Жеміс-жидектер мен көкөністер ағзаның тазаруына пайдалы. Ал ішек жолдарының дұрыс жұмыс істемеуінен дақтар, безеулер пайда болады. Сондықтан, көкөніс пен жеміс-жидек рационыңызда болсын!

Қышқыл сүт өнімдерін ұнатпайсыз

Айран, қатық сынды қышқыл сүт өнімдерін соңғы рет қашан ішкеніңіз есіңізде ме? Дәл солар ішек жолы жұмысын жақсартып, деніңіздің саулығын қамтамасыз етеді. Ал нәтижесі бет теріңізден де бірден байқалады.

Опа пайдаланасыз

Үгілгіш опа терідегі ұсақ тесіктерді бітемейді деседі. Бітемеуі тиіс. Бірақ, күннің ыстығында немесе күндіз жүріп майланған теріңізге опа жақсаңыз бітелуі де мүмкін.

Спортпен айналысу

Спорттың пайдасы болмаса, зияны жоқ, әрине. Десе де, жүгіріп немесе басқа жаттығулар жасап терлегеніңізде қағаз майлықпен бет терісін сүртіп отырғаныңыз жөн. Шашқа арналған байлауышты да пайдаланыңыз.

Бетіңізді ылғи ұстай бересіз бе?

Біреумен әңгімелесіп отырып, автобус күткенде, ұзақ ойланғанда бетіңізді ұстап тисе бермеңіз. Себебі, сіздің қолыңызда қаншама микроб пен бактерия бар екенін білесіз бе? Бетіңізді таза жуылған қолыңызбен ұстағаныңыз дұрыс.

ДереккөзBaq.kz