Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Полиция фейк хабарлама таратқан авторды іздеп жатыр

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы бірқатар мектепте террористік актілер дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады.

Алматы қаласы полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Полицияның мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта қаладағы барлық білім беру ұйымындағы жағдай толық бақылауда.

Құқық қорғау органдары мен жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Балалар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажет шаралар қабылданған. Жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Фейк хабарламаның авторы мен таралу көздері анықталып жатыр. Оған қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады, – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды сабыр сақтауға, дүрбелеңге берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне — мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының мәлімдемелеріне ғана сенуге шақырады.

Сонымен қатар полиция балалардың қауіпсіздігіне қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату ауыр құқық бұзушылық саналатынын және заңмен қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Азаматтардан тексерілмеген хабарламаларды таратпау және қайта жолдамауды сұрайды.

Exit mobile version