Не болды?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін IMAM AI мобайл қолданбасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.
Мәлімет
Мүфтияттың ақпаратына қарағанда, IMAM AI қолданбасы діни сұрақтарға жедел жауап береді. Тек тексерілген әрі беделді дереккөздерге сүйенеді.
ҚМДБ бұл жоба заманауи цифрлық талаптарға сай әзірленіп жатқанын және діни-ағартушылық қызметте технологияларды қолдануға бағытталған кең ауқымды стратегияның бір бөлігі болатынын айтты.
Контекст
Естеріңізге салайық, Елордада ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне дәстүрлі Бағдарлық баяндамасын жолдады. Мүфтият 2026 жылды діни сала аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялаған еді.

