Жергілікті дәрігерлердің мәліметінше, Әндіжан облысындағы Шахрихон ауданының уланған 200-ге жуық тұрғыны 15 мамыр күні облыстық интенсивті терапия бөліміне түскен. Жүздеген адамға алғашқы көмек көрсетілген. Ал уланғандардың бесеуінің жағдайы ауыр.
Тараған ақпараттарға сәйкес, 14, 15, 16 мамыр күндері Әмір Темір көшесінде орналасқан МАКС кафесінен балмұздақ жегендер жаппай уланған.
Жергілікті тұрғындар арасында осы оқиғадан кейін адамдардың көз жұмғаны да айтылған хабарламалар тараған.