Атап айтқанда, 2016 жылы шығыстар 8 трлн 501 млрд теңгеге атқарылып, 98,3 пайызға игерілді.
Министрліктің мәліметінше, жалпы, бюджеттің 36 млрд теңгесі игерілмей қалды.
«Игерілмеудің негізгі сомалары келесі министрліктер бойынша қалыптасты: Қорғаныс министрлігі – 29 млрд теңге; Ішкі істер министрлігі – 1,2 млрд теңге; Білім және ғылым министрлігі – 1 млрд теңге; Сыртқы істер министрлігі – 920,2 млн теңге; Ауыл шаруашылық министерлігі – 870,2 млн .теңге; Әділет министрдігі – 759 млн теңге. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 2015 жылмен салыстырғанда 1,7 есе азайып 268 млрд теңгені құрады», – деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов таныстырылым барысында.
Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы бюджеттен бөлінген қаражаттың квазимемлекеттік сектордың қазынашылық шоттарындағы қалдықтары 14,5 млрд теңгені құрады. Бұл сома 2015 жылмен салыстырғанда 5 есеге азайды.