«EXPO-2017 көрмесі қарсаңында Астанада көлік санын азайту мақсатында жоғарғы оқу орындары 2016-2017 жылғы оқу жылын аяқтау мен 2017-2018 жылғы оқу жылын бастау мерзімдерін өзгерту жоспарын дайындады. Осылайша, биылғы оқу жылы мамырдың 25-і аяқталады, ал оқу жылы қыркүйектің 10-ы басталады», — деп жауап берді БҒМ-ның баспасөз қызметі.
Оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерінің өзгеруі басқа қалаларға қатысты емес.
Мұның алдында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Астанадағы орта мектептерде де оқу жылының басталу мерзімі өзгеруі мүмкін екенін айтқан.
«Астананың Білім беру басқармасы алғашқы қоңырауды 1 қыркүйекте өткізіп, ал сабақтарды 12 қыркүйекте бастауды ұсынды», — деп түсіндірді Эльмира Суханбердиева.
Еске сала кетейік, Астанада ЭКСПO-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесі 2017 жылдың 10 шілдесі мен 9 қыркүйегі аралығында өтеді.