Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Биыл зейнетақы мен жәрдемақыға бюджеттен 6,7 трлн теңге бөлінеді

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
2026 жылы Қазақстан азаматтарына кепілді зейнетақысы мен жәрдемақыларын төлеу үшін үкімет бюджеттен 6 триллион 783 миллиард теңге ақша алады.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

Бұл ақшаның 4 триллион 890 миллиард теңгесі – зейнетақыға, ал 1 триллион 893 миллиард теңгесі әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге жұмсалады. Қалған ақша мүгедектігі бар азаматтардың протезі мен оңалту шараларына бағытталуға тиіс, — делінген хабарламада.

Exit mobile version