Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Тест: Бауыржан Момышұлын қаншалық жақсы танисыз?

Иллюстрация: Baribar
Бүгін, 24 желтоқсан қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Екінші дүниежүзі соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туған күні. 
Батыр туралы қаншалық жақсы білесіз? Тест шешіп көріңіз.
0%

Бауыржан Момышұлы шығармалары не туралы?

Дұрыс! Қате!

Оның еңбектері жауынгер психологиясы мен елге адал қызмет етуге арналған. 1945 жылғы 16 қаңтарда Алматыда ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге Бауыржан Момышұлын шақырып, кездесу ұйымдастырған. Осы лекцияның стенограммасы кейін "Соғыс психологиясы" деген атпен кітап болып басылған.

Бауыржан Момышұлы Екінші дүниежүзі соғысында қай дивизия құрамында шайқасқан?

Дұрыс! Қате!

Ол генерал И.В.Панфилов басқарған Батыс майданындағы 16-армияның 316-атқыштар дивизиясында батальон, кейін полк командирі болған. Бұл дивизия 1941 жылғы қарашадан бастап 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы болып өзгерді.

Бауыржан Момышұлына «Халық Қаһарманы» атағы қашан берілді?

Дұрыс! Қате!

Батырға бұл атақ тәуелсіздік қарсаңында, өзі өмірден өткеннен кейін президенті Н.Назарбаевтың жарлығы арқылы берілді.

Бауыржан Момышұлы соғыстан кейін қай салада еңбек еткен?

Дұрыс! Қате!

Бауыржан Момышұлы соғыстан кейін Совет армиясы бас штабының жоғары әскери академиясын бітірген. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет армиясы әскери академиясында сабақ берген.

Бауыржан Момышұлының ерлігі ерекше білінген шайқас:

Дұрыс! Қате!

Ол батальон командирі болып, Мәскеу үшін шайқаста 27 рет ұрысқа қатысқан. 1941 жылғы 16-18 қараша күндері вермах (фашистік Германия әскерінің ресми аты) Мәскеуге екінші мәрте шабуыл жасаған. Б.Момышұлы басқарған батальон Матронино ауылы жанында Волоколамск тас жолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізген. Білікті басшының арқасында олар 3 күн бойы фашистер шабуылына тойтарыс берген. Батальон үлкен шығынсыз қоршаудан шыққан. Аға лейтинанттың бұл тактикалық шеберлігі оны бүкіл Кеңес Одағына танымал етті. Кейін жазушы Александр Бек батырдың ерлігі туралы “Арпалыс. Волоколамск тас жолы” деген кітап жазған.

Бауыржан Момышұлы қай жылы дүниеге келген?

Дұрыс! Қате!

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында дүниеге келген. Биыл батырдың туғанына 115 жыл толып отыр.

Бауыржан Момышұлының шығармасы қайсы?

Дұрыс! Қате!

“Мәскеу үшін шайқас” - Бауыржан Момышұлы 1958 жылы шығарған роман. Шығармада батыр соғыс кезінде бастан кешкен оқиғаларын баяндайды. Ол майданда күнделік жазып, ұрыс алаңында көрген-білгенін, басынан өткен жайттарды қағазға түсірген. Осылай, 38 жауынгерлік кітапша жазған. 1952-1956 жылы «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Наша семья» деген алғашқы кітаптары жарық көрген.

Әзілхан Нұршайықтың Бауыржан Момышұлы туралы жазған шығармасы қайсы?

Дұрыс! Қате!

«Ақиқат пен аңыз» — Әзілхан Нұршайықтың Бауыржан Момышұлының өмірі мен тұлғасын арқау еткен көркем шығармасы. Туынды диалог форматында жазылған. Бауыржан Момышұлының мінезі мен өмірге деген көзқарасы сөйлесу (диалог) арқылы кеңінен ашылады.

Бауыржан Момышұлы кімнің тәрбиесін көріп өсті?

Дұрыс! Қате!

Анасы ерте қайтыс болғасын, Бауыржан әжесінің тәрбиесін көріп, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді бойына сіңірген. Батыр бұл туралы "Ұшқан ұя" автобиографиясында жазған.

Бауыржан Момышұлы соғысқа дейін қай салада қызмет еткен?

Дұрыс! Қате!

Ол 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте сабақ берген. Кейін біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы болып та қызмет атқарған.

Тест: Бауыржан Момышұлын қаншалық жақсы танисыз?
Батыр атамыз туралы біраз оқу керек екен:)
Батыр атамызды біршама жақсы таниды екенсіз!
Бәрекелді! Батыр атамызды сізден артық білетін адам жоқ-ау, шамасы 🙂
Exit mobile version