Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім шығарды

Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Qazaqstyle

Не болды?

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) допиң дауына қарамастан, қазақ чемпион Жәнібек Әлімханұлының мәртебесін әзірге сақтап қалды. Бұл туралы ДБҰ мәлімдеп отыр.

Мәлімет

WBO жаңартқан рейтиңде Жәнібек Әлімханұлы әлі де өз салмағындағы әлем чемпионы деп көрсетілген.

Контекст

Естеріңізге салайық, Жәнібек Әлімханұлы мен ДБҰ чемпионы Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жекке санаулы күн қалғанда қазақ боксшының допиң сынамасынан тыйым салынған препарат анықталған еді. Салдарынан жекпе-жек кейінге шегерілді. ДБҰ бұл істі тергей бастаған. Жәнібектің менеджері Берік Сұлтан осы жағдай туралы мәлімдеме жасаған еді. 

Допиң сынамасының «B» үлгісін ашу 8 қаңтарға жоспарланған. Екінші сынама да оң нәтиже көрсетсе, Жәнібек Әлімханұлы бокстан шеттетіледі. Чемпион белбеулерінен айырылуы мүмкін.

Exit mobile version