Не болды?
2 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлының допиң сынамасынан тыйым салынған зат анықталды. Оның менеджері Берік Сұлтан осы жағдай туралы мәлімдеме жасады.
Мәлімет
8 қаңтар күні бізді екі жағдай күтіп тұр: біріншісі — бәрі таза болса, мансабын әрі қарай жалғастырады. Ал егер сынама оң нәтиже көрсетсе, екі титулдан да айырыламыз. Спорттан белгілі бір уақытқа шеттетіледі, — деді Берік Сұлтан.
Контекст
Естеріңізге салайық, 2 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлының допиң сынамасынан тыйым салынған зат анықталды. Ол Кубалық Эрисланди Ларамен өтетін жекпе-жектен шеттетілді.

