Иосиф Сталин «құрметті азамат» мәртебесін 1945 жылы алған. Чехияда мәртебеден айыру туралы пікір-талас биыл көктемде басталған еді. Айта кетерлік жайт, қала басшысы мұндай бастамаға қарсы шыққан.
Осы уақытқа дейін Ческе-Будеёвице қаласы 118 адамға құрметті азамат мәртебесін берген. Олардың арасында совет ғарышкері Валентина Терешкова да бар. Оны бұл тізімге 1979 жылы қосқан. Содан бері бұл қалада мұндай мәртебе ешкімге берілмепті. Бұған дейін Чехияның көптеген ірі қалалары Сталиннің құрметті азамат мәртебесінен айырған еді.