Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанға Иран президенті ресми сапармен келді

Фото: Ақорда
Қазақстанға Иран Ислам Республикасының президенті ресми сапармен келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ақордада ресми сапармен келген Иран президенті Масуд Пезешкианды қарсы алу рәсімі өтті.

Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды, – делінген хабарламада.

Exit mobile version