Президент меморгандарды цифрландыруға арналған жаңа платформа жасауға мораторий енгізді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» жарлыққа қол қойды.

Жарлық бойынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech «электрондық үкіметі» ақпараттық-коммуникациялық платформасынан тыс құруға мораторий енді, — делінген Ақорда ақпаратында.

Үкіметке мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech платформасында әзірлеу мүмкін болмаса, әр жағдайды Президент жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығару тапсырылды.