Ән деп соққан жүректің тоқтағанына екі жыл

53 жасында бақилық болған Батырхан Қамалұлы Шүкеновтың қазасы қазақ елінің қабырғасын қайыстырғаны анық. Осыған орай 24 мамыр күні, Республика сарайында Батырхан Шүкеновтің мерейтойына  байланысты (55 жас) өнердегі әріптестері «Спасибо за любовь» атты еске алу кешін өткізбекші.

Концертте Б.Шүкеновтың әндері орындалып қана қоймай, Валерий Меладзе, Севара Назархан, Далар Назаров, Mezzo тобы, Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық консерваторияның хоры мен қобызшылар ансамблі өнер көрсетеді деп күтілуде. Кештің жүргізушісі – әнші, актриса Жанар Дұғалова.

«Өмір мен өлім… Екеуінің арасындағы шек адамның тынысы секілді көзге көрінбейді. Қас-қағым дүние! Бүгін бар да, ертең жоқ. Адам баласы бұл фәниге қысқа ғана мерзімге келеді де, о дүниеге мәңгіге аттанады». Бұл әншінің соңғы күндері айтқан сөзі еді.

Еске сала кетейік, әнші Мәскеуде 28 сәуір күні жүрек талмасынан көз жұмған болатын. Дәрігерлер әншінің өмірін құтқару үшін 2 сағат бойы күрескен.