Не болды?
Өзін «Қазақтың Робин Худы» деп атайтын, «Елге көмек» қайырымдық қорының жетекшісі Ілияс Сариев пен MM Travel турфирмасының басшысы Ақтоты Дүйсеева алаяқтық жасағаны үшін сотталды.
Сариев пен Дүйсеева не үшін айыпталды?
Биылғы тамыз айында Алматыдағы Алмалы аудандық сотында айыптау актісі оқылды.
Сотта науқас балалардың туыстары куәлік берген. Олар Ілияс Сариевке емделуге қаражат жинау үшін көп ақша аударғанын айтқан. Алайда олар ақша оның қарыздарын өтеуге жұмсалғанын және айыпталушы уәде еткен қайырымдылықтарды ешқашан жасамағанын мәлімдеген.
Ілияс Сариев бұған дейін MM Travel туристік агенттігінде тек маркетиң және жарнамамен айналысатынын айтқан.
Алайда Ақтоты Дүйсеева Сариевпен бірге туристік агенттікті 2023 жылғы қаңтарда бірлесіп ашқанын айтты. Сотта ол Сариевтің компания қаражатын құмар ойын ойнауға жұмсағанын мәлімдеді.
Жаза қандай?
Сот Ернар Қасымбеков «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариевті Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы (бірнеше рет алаяқтық жасау) бойынша кінәлі деп, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жарияландықтан, оның жазасы 1/5 қысқарып, оған 3 жыл 8 ай мерзімге соңғы жаза тағайындалды.
MM Travel туристік компаниясының басшысы Ақтоты Дүйсееваны осы бап бойынша кінәлі делінді. Оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Рақымшылықтан кейін оның жазасы 1/3 қысқарып, оған 3 жыл мерзімге соңғы жаза тағайындалды.
Сот Ақтоты Дүйсееваны Қылмыстық кодекстің 74-бабы бойынша кейінге қалдырылған жаза тағайындады. Баласы 14 жасқа толғанға дейін, яғни 2028 жылға дейін жаза кейінге қалдырылды.
Жәбірленушілердің материалдық залалды өтеу туралы талабы орындалған.
Контекс
Ілияс Сариев бұған дейін де алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған еді.

