Қазком Халық банкінің еншілес банкіне айналады

«Қазіргі таңда келісім шарт жасалмай отыр. Мамырдың соңында мәміле аяқталар деп ойлап едік. Енді олай болмай, мерзім кейінге шегерілді. Қазір Қазкомның жұмыс параметрлері тексеріліп жатыр. Сырттан аудитор, консультант шақырдық. Сондай-ақ, Ұлттық банктен кеңес алып жатырмыз», – деді Үміт Шаяхметова.

Басқарма төрайымының айтуынша, мәселе банктердің бірігуінде емес. Егер мәміле жүзеге асса Қазком Халық банкінің еншілес банкіне айналады.

«Қазір «Қазком» қосымша акция шығарды. Мәміле жүзеге асқан жағдайда Халық банкі Казкомды капитализация барысында акциялары арқылы сатып алатын болды», – деді Үміт Шаяхметова.

Оның мәлімдеуінше, Халық банкі инвестиция салуға аса сақтықпен қарайды.

«Қарапайым мысал «Halyk Group» компаниясының Әзербайжан банкінде облигациялары болды. 2014 жылы біз ол банктен барлық құнды қағаздарымызды шығарып алдық. Кейін ол банк халқаралық міндеттемелерін төлеуді доғарды. Активтерді орналастыруға келгенде де мұқиятпыз. 15 пайыздан артық алмаймыз. Әзербайжан банкінде 10-15 млн доллар болды. БЖЗҚ эмиссиясының 50 пайызын салғаны таңқалдырып отыр», – деді  ол.

ДереккөзNaryk.kz