Не болды?
Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс табатын топ 15 спортшы әйелдің тізімінде 9-орында тұр. Жаңа рейтиңді Sportico басылымы жариялап отыр.
Мәлімет
Былтыр Forbes Елена Рыбакинаны 14-орынға қойған еді. Алайда турнирлердегі рекордтық жүлделерінің арқасында ол 9-орынға көтерілді.
Биыл Рыбакина турнир жүлделерінен 8,6 миллион доллар, ал бонустардан 4 миллион доллар тапқан.
Жақында ол WTA нұсқасы бойынша әйелдер теннисі тарихындағы ең ірі жүлде қорын (5,2 миллион доллар) алды. Осы жетістігі үшін ол Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Естеріңізге салайық, Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңген еді.

