Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ақтөбе оқушысы интернет алаяқтық бойынша республикалық бейнебайқаудың жеңімпазы болды

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі«Заң және тәртіп» идеологемасы аясында цифрлықсауаттылықты арттыруға, балалар мен ата-аналарғаинтернетте қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларынқалыптастыруға бағытталған кең ауқымды байқау өткізді. Қатысушыларға интернет алаяқтарынан қорғанутақырыбын ашатын, онлайн кеңістікте сақтық пен зейінніңмаңызын көрсететін бейнеролик дайындау ұсынылды.

Елдің түкпір-түкпірінен келген ондағанқатысушылардың ішінде №61 орта мектептің 2-сынып оқушысыМерейлім Беркіннің жұмысы үздік дептанылды. Жас қатысушы ата-анасымен бірге заманауикиберқауіптер туралы және олардан қорғанудың тиімдіжолдары жөнінде қарапайым әрі түсінікті түрде жеткізіп, қазылар алқасының жоғары бағасын алды.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов Мерейлімді жеңісімен жеке құттықтап, ҚР Ішкіістер министрі Ержан Сәденовтің атынан оған мақтауқағазы мен бағалы сыйлық табыстады. Ол мұндайбастамалар балалардың ерте жастан цифрлықтехнологияны қауіпсіз пайдалануды үйренуіне үлкенықпал ететінін атап өтті.

«Бұл жеңістің артындаата-анасының қолдауы, сынып жетекшісінің еңбегі және мектеп директорынадеген сенім жатыр. Байқаудың басты мақсатыбалалармен ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет алаяқтарынан сақтану жолдарын үйрету», — деді өңірлік полиция басшысы.

Мерейлімнің жеңісі оның жеке жетістігі ғана емес, қоғамның киберқауіпсіздік мәселелеріне назар аударудыңмаңызын көрсететін жарқын үлгі болды. Полицейлермұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасып, өскелеңұрпақтың интернеттегі жауапты әрі қауіпсіз жүріс-тұрысын қалыптастыруға ықпал етеді деген сенім білдірді.

Exit mobile version