Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Дастан Сәтбаев ЧЛ-да гол соққан алғашқы қазақ болды

Дастан Сәтбаев, футболшы. Фото: Azattyq

Не болды?

Кеше, 26 қарашада Данияда «Копенхеген» мен «Қайрат» арасында матч өтті. “Қайраттың” алғашқы голын Дастан Сәтбаев соқты. Соның арқасында чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар үштігіне кірді. Бұл туралы «Қайрат» ФК хабарлап отыр.

Мәлімет

Ойын 3:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері жеңді.

Бұл гол Дастанға тағы бір маңызды жетістік әкелді – ол Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық ойыншысы болды, — дейді «Қайрат» ФК.

Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар үштігі мынадай:

  1. Әнсу Фати («Барселона») – 17 жас 40 күн
  2. Ламайн Ямал («Барселона») – 17 жас 68 күн
  3. Дастан Сәтбаев («Қайрат») – 17 жас 110 күн

Бұл тізім тек топтық кезеңнен бастап соғылған голдар қорытындысы бойынша жасалған.

Контекст

2025 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі «Қазақстан» мен «Бельгия» ойыны өткен еді. Сонда Дастан Сәтбаев ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.

Exit mobile version