Не болды?
Оқу-ағарту министрлігінің жанынан білім беру саласына жасанды интеллекті енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мәлімет
Жұмыс тобының алғашқы отырысын оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өткізді. Жұмыс тобы еліміздегі IT мамандардың ЕdTex саласындағы инновациялық шешімдері мен ұсыныстарын тыңдауға дайын екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде алғаш рет қабылданған «Жасанды интеллект туралы» заң технологиялық дамудың жаңа кезеңін айқындайды. Жаһандық бәсекеге қабілетті, озық ойлы, білімді, жаңашыл, адал азамат тәрбиелеу үшін AI технологияларын білім беру процесіне сауатты әрі сапалы енгізу – министрліктің күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Жасанды интеллект мұғалімнің артық жүктемесін азайту және оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін көмекші құрал ретінде қолданылуы керек, – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылған еді.
1-кластан бастап 11-класқа дейін барлық оқушы үшін оқыту процесіне жасанды интеллект негіздері енді.

