Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қарағанды футбол клубы жеке меншікке өтті

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағандының «Шахтёр» футбол клубы жаңа инвесторға өтті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бүгін өткен аукцион нәтижесінде клуб Freedom Holding Corp. құрамына кіретін, кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі компанияға сатылды.

Ведомствоның мәліметінше, жекешелендіру рәсімі толықтай заң талаптарына сай жүргізілген. Осылайша клубты дамыту мен жаңғыртудың жаңа кезеңі басталды. Әкімдік пен кәсіпкер аймақтың футбол экожүйесін қайта құруға кіріскен. Жобаларды жүзеге асыруға 18,5 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде:

  • 12 миллиард теңге – жаңа футбол академиясының құрылысына;

  • 6,5 миллиард теңге – балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамытуға бағытталады.

Тимур Турловтың қолдауымен бірқатар ірі жоба іске асып жатыр. Солардың ішіндегі ең көлемдісі – заманауи «Шахтёр» футбол академиясы. Жаңа академия 10 гектар аумақта бой көтереді. Жоба құрамына:

  • жыл бойы жаттығуға арналған жабық манеж;

  • толық өлшемді жаттығу алаңы;

  • екі қабатты әкімшілік кешені;

  • медициналық орталық;

  • бассейн мен сауна;

  • асхана және тәрбиеленушілерге арналған жатақхана кіреді.

Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2027 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Exit mobile version