26 мамырда Жанқош Тұраров жұдырықтасады

Густаво Гарибай кәсіпқой бокстағы мансабын 2008 жылы бастаған. Одан бергі аралықта 21 кездесу өткізіп, оның 13-де жеңіске жеткен. 6 жекпе-жегін нокаутпен ұтқан. 8 кездесуінде жеңіліс тапқан. Лақап аты – «Дәрумен» (Vitaminas).

Жанқош болса кәсіпқой бокста 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы рет 29 қазан күні «Алматы Арена» спорт кешенінде ганалық Исаак Аримен жұдырықтасты.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек өтетін бокс кешінде отандасымыз Қанат Ислам да шаршы алаңға шығады. «Qazaq»-тың қарсыласы да мексикалық боксшы — Норберто Гонсалес (Norberto Gonzalez).

ДереккөзVesti.kz