Неге гүлді тақ санмен сыйлайды?

Бұл дәстүр ертедегі Русь жерінде пайда болған екен. Шығыс славяндық сиқыршылар жұпты данамен гүл сыйлауды өмірдің тоқтауының, яғни, өлімнің белгісі деп есептеген екен. Бұл пікір осы уақыттан бері адамдардың жадында сақталып, жалғасып келген.

Көптеген флористердің айтуынша, славян дәстүрінде адамдарға тақ санды сыйлау, мәйітке жұп санды гүл апару деген түсінік болмаған, олар гүл сыйлау дәстүрін жапондардан алған дейді. Жапондардың «төрт» деген иероглифі «өлім» деген мағынаны білдіреді екен.

Ал керісінше Грузияда бір-бріне бақытты болсын деп, жұптық гүл береді екен. Ал бейітке өзімен ешкімді алып кетпесін деген ниетпен гүлді тақ данамен апарады.

Өзге елдерде жұп данамен гүл сыйлай ма? Әрине. Бұл пікірді бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы елдер ғана қатаң ұстанған екен. Ал Франция, Германия, АҚШ т.б. елдерде бақытты еселейді деген үмітпен гүлді жұп-жұп қылып береді екен.

Дереккөзikerim.kz