Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Хәрри Поттер-Дәниел Рәдклифф жаңа сериалдың бас кейіпкеріне хат жолдады

Фото: Good Morning America

Не болды?

Британ актері Дәниел Рәдклифф жаңа сериалда Хәрри Поттер рөлін сомдайтын 12 жастағы Доминик Маклафлинге хат жолдады. Бұл туралы ол Good Morning America бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеген.

Мәлімет

Дәниел Рәдклифф жас актер Доминик Маклафлинге және оның әріптестеріне сәттілік тілеп, Доминиктің оған өте әсерлі жауап бергенін айтқан.

Мен бұл балалардың өмірінде елес сияқты болғым келмейді. «Түсірілім барысында өте жақсы уақыт өткізесің деп үміттенемін. Мен үшін бұл керемет кезең болды. Алайда сен одан да керемет уақыт өткізсең деймін» деген жылы ниетімді жеткізгім келді. Оның және басқа балалардың суреттін көргенде, оларды құшақтап алғым келеді, – деді Дәниел Рәдклифф.

Жаңа сериал кастиңі 2024 жылы өтті. Оған 30 мыңнан астам бала қатысқан. Хәрри Поттер рөліне Доминик Маклафлин, Хәрмиона Грейнжер рөліне Арабелла Стәнтон, ал Рон Уизли рөліне Әләстер Стаут таңдалды.

Қазір жаңа сериалдың бірінші маусымы түсіріліп жатыр. Премьера 2027 жылға жоспарланған. Жобаны толығымен жүзеге асыруға шамамен 10 жыл қажет. Сериал жеті маусымнан тұрады.

Анықтама

Дәниел Рәдклифф –  «Хәрри Поттер» фильмдерінде бас рөлді ойнаған актер.

Хәрри Поттер — ағылшын жазушы Жоан Роулиң жазған жеті томдық қиял-ғажайып шығармалар жинағының бас кейіпкері. 2001-2011 жылдары Warner Bros. компаниясы  роман негізінде сегіз фильм түсірген. Енді фильмдер сериясы жаңа актерлармен қайта түсіріліп жатыр.

Exit mobile version