Мемлекет басшысы Монако Князіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мемлекет басшысы жеделхатта Монако княздігі халықаралық аренадағы беделін сенімді түрде нығайтып, бірегей мәдени мұрасын сақтау әрі байыту, сонымен қатар орнықты даму, қаржыны жауапты басқару және қоршаған ортаны қорғау моделі арқылы бүкіл әлемге үлгі болып келе жатқанын атап өткен.
Қазақстан президенті достық байланыстар мен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы Князь II Альбер мен оның отандастарына бақ-береке тіледі, — делінген хабарламада.
