16 мамыр: Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай, жел күшейіп, түнде солтүстік аймақтардың кей жерлерінде үсік жүруі мүмкін.

Республиканың тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн ашық. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде 2 градусқа дейін үсік болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 2-3 градусқа дейін үсік жүредіі, күндіз найзағай мен жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күші 15-23 м/с болады.

Қарағанды облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді.Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

 

Дереккөзbaq.kz