Басты бет Жаңалықтар Неге үнді әйелдері маңдайына қызыл бояу жағады?

Неге үнді әйелдері маңдайына қызыл бояу жағады?

Үнді фильмдеріндегі Боллувуд сұлуларына көз салсақ, бәрінің маңдайындағы ерекше қызыл бояуға еріксіз көзіміз түседі. Бұл бояудың сыры неде? Үндістаннан басқа қай елде қызыл бояу қолдану дәстүрі бар?

Үнді әйелдерінің маңдайындағы қызыл бояу «бинди» деп аталады. Ол әйел адамның индуизм дінін ұстанатынын және әйелдің тұрмыста екенін білдіреді. Бинди жарқын болашақтың белгісі саналады әрі әйелдің отбасындағы орнын білдіреді.

Ал оның дәл маңдайға жағылуының да өзіндік себебі бар. Екі қастың арасында «үшінші көз» бар деп саналады. Ал онда даналық жасырылған-мыс. Сонымен қатар бинди әйелдің әйелдік энергиясын сақтайды дейтін түсінік қалыптасқан. Тұрмыстағы келіншек үшін бинди ең алдымен сәттілік символы болып табылады.

Қазір биндиді оңтүстік және оңтүстік-шығыс Азия әйелдері жасы мен дәрежесіне қарамастан жағады. Қызыл түс қана емес, басқа түспен де бояуға болады яки орнына моншақ тағуға да рұқсат. Батыстың көптеген әншілері өздерінің стиліне сән беру үшін биндиді қосымша элемент ретінде де көрсетіп жүр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version