Президент ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты.

Мемлекет басшысына деректерді есепке алуға, болжауға және талдауға арналған цифрлық сервистер, сонымен қатар агроөнеркәсіп кешеніндегі тиімділікті арттыруды көздейтін отандық стартаптар туралы баяндалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да