Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстан Ауғанстанға 18 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстан халқына қолдау көрсету мақсатында гуманитарлық көмек жіберді.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.

Мемлекеттік материалдық резервтен дәрі-дәрмектер, медициналық жабдықтар, төсек-жабдықтар, шатырлар және бірінші кезекте қажет заттар бөлінді. Денсаулық сақтау министрлігі де зардап шеккендерге көмек көрсету үшін медицина қызметкерлері тобын жөнелтті.

Барлығы 18 тонна гуманитарлық жүк, 34 түрлі тауар түрі Ауғанстанға қорғаныс министрлігінің ұшағымен жеткізді. Көмек бүгін ауған билігіне табысталады.

Бұл гуманитарлық операция KazAID – Қазақстанның халықаралық даму агенттігінің қолдауымен жүзеге асты.