Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Әлем чемпионатына іріктеу: қайдан көруге болады?

©premiumtimesng.com

Не болды?

Бүгін түнде Еуропадағы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің 5-туры өтеді. Франция мен Украина, сонымен қатар Ирландия мен Португалия ойындарын тікелей эфирден тамашалауға болады. Бұл туралы Qazsport.kz хабарлап отыр.

Франция – Украина

Париждегі Парк де Пренс стадионында өтетін кездесу түнгі сағат 00:45-те  басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport арнасынан көруге болады. Қазір Франция командасы 10 ұпай жинап, D тобында көш бастап тұр. Ал Украина құрамасы жеті ұпаймен екінші орында.

Ирландия – Португалия

Дублиндегі Авива аренасында өтетін бұл матч та 00:45-те басталады. Ойынның тікелей көрсетілімін Qazaqstan арнасынан қарай аласыз. Португалия құрамасы төрт турдан кейін F тобында 10 ұпаймен көш бастап келеді. Ирландия болса тізімде 3-орында тұр.

Exit mobile version