Не болды?
«Шахтёр» футбол клубы 50 миллион теңгеге аукционға шығарылды. Клубты кәсіпкер, филантроп Тимур Турлов сатып алады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде мәлімдеген.
Мәлімет
Әкімнің сөзіне қарағанда, аукцион 26-27 қараша күндері өтеді. Клубты сатып алуға қызыққандар аукционға қатыса алады.
«Шахтёр» футбол клубы 50 млн теңгеден қымбат сомаға аукционға шығарылады. Ол жерде ештеңе жоқ. Инфрақұрылымның бәрі облыс әкімдігі меншігінде тұр, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Ол өңірдегі футболға қатысты Тимур Турловты кәсіпкер емес, меценат деп білетінін де айтты.

