Қай елде шайпұл беру тәртібі қандай?

Жақсы қызмет көрсеткен мекеме қызметкерлеріне шайпұл ретінде ақша беру - ризашылықтың белгісі. Алайда, әлем елдерінде шайпұлға деген көзқарас әр түрлі. Қай елде шайпұл қалай есептеледі?

Жапония

Жапония

Жапон елінде көрсетілген қызметке өз ризашылығыңызды білдіріп, шайпұл тастап кетсеңіз, сізді жергілікті халық түсінбейді. Бұл даяшыны және тамақтану мекемесінің иесін құрметтемеу, масқаралау белгісі ретінде саналады. Сондықтан, Жапонияда шайпұл тастамай-ақ қойыңыз.

Исландия

Какао

Исландияда шайпұлды тек  какао үшін ғана тастау керек. Басқа жағдайда шайпұл қабылданбайды.

Болгария

Кафе, даяшы

Болгариядағы қызмет көрсетуге көңіліңіз толса, шайпұл қалдыруға әбден болады. Бұл қызмет көрсетушілер үшін зор құрмет саналады.

Сингапур

Сингапур, мейрамханаСингапурда мейрамханаларда шайпұл тастамасаңыз да болады. Өйткені даяршы көрсететін қызмет құны тапсырыс құнымен бірге алынады. Ол шамамен тапсырыстың 10 пайызын құрайды.

Малайзия

Малайзия елінде көрсетілген қызметтің қосымша ақысы аз мөлшерде болса, бұл дөрекілік пен құрметсіздіктің белгісі. Сондықтан, егер берсеңіз, жалпы есеп шоттан 10% мөлшерден кем емес шайпұл беру керек.

Ал біздің елімізде шайпұл қалдыру немесе қалдырмау керектігін тұтынушының (клиенттің) өзі шешеді. Егер сізге көрсетілген қызмет ұнап жатса, шайпұлға ешкім қарсылық білдіре қоймас.