Оралда жаңа үстел теннисі орталығы салынады

Оралда заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұл жоба өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға және бұқаралық спортты өркендетуге бағытталған.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР үстел теннисі федерациясының атқарушы хатшысы Данияр Ахметов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев және басқа да ресми тұлғалар Freedom Shapagat қорының басшысы Бағлана Мусинамен кездесті.

Кездесуде жаңа спорт нысанын салу мәселелері талқыланып, ынтымақтастық бағыттары нақтыланды. Нәтижесінде облыстық спорт басқармасы, Freedom Shapagat қоры және мердігер «ИнтерСтрой НС» компаниясы үшжақты меморандумға қол қойды.

БҚО
Фото: БҚО әкімдігі

Қазіргі таңда БҚО-да үстел теннисімен 6 мыңға жуық адам айналысады. Бұл спорт түрі аймақта ерекше дамып келеді. Ұлттық құраманың мүшелері Айдос пен Дастан Кенжигуловтар, Санжар Жұбанов сынды спортшылар өңірдің мақтанышына айналған.

Жаңа орталықтың құрылысы 2026 жылы басталады. Жобаға қолдау көрсеткені үшін Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов пен ҚР үстел теннисі федерациясына алғыс айтылды.

Жоба жүзеге асқан жағдайда Оралда үстел теннисі спортының жаңа тынысы ашылып, халықаралық деңгейде жаңа жетістіктерге жол ашылады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да